|
04.04.2020 | 18:53
18025

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 531 адамға жетті

Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 сәуірдің 22.45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай

 Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 531 адамға жетті фото из открытых источников / ашық дереккөзден

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi.  Қызылорда облысында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Жамбыл облысында 1 адамнан анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv  ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында – 27 адам, Ақмола облысында – 20 адам, Атырау облысы – 22 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, Шымкент қаласында – 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 30 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 23 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 531 науқас тіркелді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир