Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан тағы 1 адам көз жұмды

07.09.2020 14:32

2020 жылғы 7 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

открытые источники

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 139 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 2 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 27 762, 314 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 959 жетті.