Дүние жүзі бойынша КВИ жұқтырғандардың саны 27 миллионнан асты

07.09.2020 14:48

Мұндай деректі Джонс Хопкинс университеті келтірді

coronavirus2020.kz

Дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты. Мұндай деректі Джонс Хопкинс университеті келтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университеті статистиканы федералды және жергілікті биліктің, сондай-ақ БАҚ және басқа дереккөздердің мәліметтеріне сүйеніп жинайды.

Университет деректеріне қарағанда, сағат 07.28-де дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 27 002 224-ке жетті. 882 053 науқас көз жұмды. Ал 18 миллионнан аса адам аурудан айықты.

Еске салайық, өткен тәулікте Қазақстанда 60 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, елде 106 361 жағдай анықталды.