Пандемия кезінде 173 миллионға жуық адам коронавируспен ауырған
Израильде жасөспірімдерді вакциналау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өз есептеулерінде әлем елдерінің ресми мәліметтерін пайдаланатын америкалық Джонс Хопкинс университетінің цифрларына сүйенсек, пандемия кезінде 173 миллионға жуық адам коронавируспен ауырған, 3,7 миллионнан астам адам қайтыс болды, 2 миллиардтан астам екпе жасалды.