COVID-19: Қазақстан «жасыл» аймаққа көшті

07.06.2021 14:41

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы

NewTimes.kz/Ыдырыш Ертай

Қазақстан коронавирустың тарауы бойынша «жасыл» аймаққа көшті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

7 маусымда Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес,«қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы мен Атырау, Ақмола, БҚО және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстары.