Трамп АҚШ-та коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты
tengrinews.kz
Қазіргі уақытта АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 950 мыңнан асқан, 55 мыңнан аса адам қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ президенті Дональд Трамп елде коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Нью-Йорк, Чикаго, Бостон мен Жаңа Орлеанда вирус жұқтыру дерегі азайып келеді, ал басқа қалаларда жағдай тұрақтанған.
"Елдің барлық бөлігі жақсы күйде немесе ол жақтарда коронавирусқа қатысты жағдай жақсарып келеді", – деді Трамп баспасөз мәслихатында.
Қазіргі уақытта АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 950 мыңнан асқан, 55 мыңнан аса адам қайтыс болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
29.10.2026 09:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47