12 сәуір сағат 23.30-дағы эпидемиологиялық жағдай
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 адам тiркелді. Қызылорда облысында - 1 адам, Алматы облысында – 9 адам, Алматы қаласында – 5 адам, Түркістан облысында – 7 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, қазіргі уақытта елімізде қауіпті COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 951 адамға жетті.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 251 адам, Алматы қаласында – 165 адам, Қарағанды облысында – 65 адам, Ақмола облысында – 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 21 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 10 адам, Маңғыстау облысында – 10 адам, Қызылорда облысында – 118 адам, Батыс Қазақстан облысында – 9 адам, Түркістан облысында – 43 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 951 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.