Шанхайда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 26 330 адам тіркелді. Бұған Қытай Халық Республикасының Гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің сәрсенбіде жарияланған мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоның мәлімдемесінде айтылғандай, сейсенбіде анықталған вирус жұқтырғандардың ішінде коронавирус диагнозы тек 1 189 адамда расталды, қалған 25 141 адам симптомсыз тасымалдаушылар болып шыққан. Материктік Қытайда пандемия басталғаннан бері COVID-19 диагнозы қойылғандардың жалпы саны 167 мыңнан асты, 140 мыңнан астам адам жазылып, ауруханалардан шығарылды, 4638 адам қайтыс болды. Коронавирустың жаңа толқыны материктік Қытайдың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің көпшілігін шарпыды. 11 сәуірдегі жағдай бойынша Қытайда коронавирусқа қарсы жалпы 3,3 миллиард доза вакцина енгізілді.