Коронавирусқа шалдыққан 1 981 науқастың жағдайы ауыр

09.08.2021 14:41

402 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайына қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv

9 тамыздағы дерек бойынша, қазір ел өңірлерінде 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (–109 382 + және 3 804 КВИ-) ем қабылдауда. 

Олардың ішінде 31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

  • - 1 981 адамның жағдайы ауыр, 
  • - 402 пациенттің жағдайы өте ауыр, 
  • - 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.