Алматыда қанша адам вакцина салдыртты

09.08.2021 15:57

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 104 526 адамды құрайды

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың 8 тамыз күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 1503 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1410 симптомдық белгілері бар және 93 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 218, келіп түскені – 596.

Инфекциялық стационарларда (7 110 төсек-орын) жалпы саны 5 591 адам (оның ішінде 187 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  397.

ӨЖЖ – 63, инвазивті емес ӨЖЖ – 159, High flow-да 152 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 624 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 11 097, симптомсыз 527 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентты 4 063 адам, 2-компонетты 5 722 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-08.08.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты  771 233 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 104 526  адамды құрайды.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.