Коронавирус бойынша әлемдегі эпидахуал қандай

27.04.2021 14:42

Францияда дүйсенбі күні миллион бала үш аптаға созылған үзілістен кейін шағын мектептер мен балабақшаларға қайта оралды

iz.ru

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, ғаламшарда өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирусты 147 млн адам жұқтырған, оның 85 миллионы жазылып шықса, 59 миллион науқас емін жалғастыруда. Індеттен 3,1 миллионға жуық адам қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еуропалық комиссия Батыста коронавирусқа қарсы ең көп қолданылатын AstraZeneca ағылшын-швед фармацевтикалық компаниясын сотқа берді Еуроодақта ЕО елдерінде вакциналауды уақытылы бастауға кедергі болған вакцинаны жеткізу мерзімдерінің дұрыс болмауына қатысты наразылық туындады. 

«Өткен жұма күні комиссия аванстық сатып алулар туралы келісімді бұзғаны үшін AstraZeneca компаниясына қарсы сот процесіне бастамашылық етті», –  деп мәлімдеді комиссия өкілдерінің бірі Стефан де Кеерсмакер. «Келісімшарттың кейбір шарттары орындалған жоқ, компания вакцинаны уақытылы жеткізудің сенімді стратегиясын құра алмады», – деп қосып өтті ол. 

Арызды беру шешімін Еуроодақтың барлық 27 мүше елі қолдаған. Дүйсенб күні AstraZeneca ЕО арызын негізсіз деп атады. Компания келісімнің барлық шарттары сақталғанын айтып сендіруде. «AstraZeneca Еуропалық комиссиямен аванстық сатып алу туралы келісімді толық сақтады және сотта белсенді қорғануға ниетті», –  делінген компанияның мәлімдемесінде.

Үндістанға көмек 

Дүйсенбіде АҚШ пен Британия Үндістанға ауаны жасанды желдету аппараттары мен вакциналарға арналған прекурсорларды тездетіп жеткізе бастады. Үндістанда Covid-19 вирусын жұқтырудың бір тәуліктегі көрсеткіші бір аптаға жуық уақыт 300 мың оқиғадан төмен түспеуде. Вируспен байланысты болған өлім-жітімнің орташа саны – 2800-ге жуық адам (соңғы тәулікте - 2767 адам). 

Дүйсенбі күні көңіл көншітпейтін бұл рекорд бесінші рет жаңарды: мұнда вирусты 352 991 адам жұқтырған. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Елде оттегінің қара нарығы қалыптасқан, құны 80 доллар болған 60 литрлік баллон қара нарықта 660-1300 долларға сатылып жатыр. Делиде толық локдаун мерзімі ұзартылды, науқастарға толып, оттегі жетіспеушілігі туындаған ауруханалар жаңа пациенттерді қабылдамауда. Еуропалықтардың бостандығы мен Фиджидегі жерлеу рәсімі Дүйсенбі күні Италияда барлар, мейрамханалар және кинотеатрлар қайта ашылды. Ел парламенті Еуроодақтың қалпына келтіруге бөлген 266 млрд долларды қалай жұмсайтынын талқылауда.

Италия елінің премьер-министрі Марио Драги үкімет көпшілік орындарды қайта ашып, қауіпті іске бара жатқанын мойындады: елде коронавирус ахуалы жақсарып келеді. Алайда, қауіпті вирустан күн сайын әлі де жүздеген адам қайтыс болуда. 

Францияда дүйсенбі күні миллион бала үш аптаға созылған үзілістен кейін шағын мектептер мен балабақшаларға қайта оралды. 

Португалияда пандемия басталғалы екінші рет соңғы тәулікте өлім оқиғасы тіркелген жоқ. Қаңтар айының соңында ел адам басына шаққанда коронавирусты жұқтыру және өлім-жітім оқиғаларының саны бойынша әлемде бірінші орында тұрған. 

Түркия билігі 29 сәуірден бастап толық локдаун жариялады. Айдың ортасында елде вирус жұқтырудың жаңа оқиғаларының күн сайынғы саны 50 мыңнан төмен түспеген, ал 16 сәуірге қарай 63 мың жаңа оқиғаға жеткен. Өткен жексенбіде вирустың жаңа жағдайларының көрсеткіші 39 мыңға дейін түсті. Тұрғындар аса қажеттілік болмаса, үйлерінен шықпауы тиіс. Барлық мектеп жабылып, онлайн оқытуға ауысады. Қаладан тек үкіметтің рұқсатымен ғана шығуға болды. Қоғамдық көліктер толымдығы 50 пайыздан аспауы тиіс. 

АҚШ тұрғындары демалыс алуға мүмкіндік алды: Еуроодақ басшысы Урсула фон дер Ляйен ЕО-ның алдағы айларда екпе салдыртқан америкалықтар үшін шекараларды ашатынын мәлімдеді. Фиджи астанасы Сува қаласында болған жерлеу рәсімінде вирусты ұжыммен жұқтырып алу оқиғасы тіркеліп, салдарынан екіапталық локдаун енгізілген. Фиджи экономикасы туристерге қатты тәуелді, бірақ осы уақытқа дейін аралдағы 930 мың адамның 100-ден кемі ғана вирус жұқтырып, аурудан екі адам қайтыс болды.