Жапонияда серуендеу катерінде жарылыс болды

27.04.2021 15:19

Келеңсіз жағдайдың мән-жайы анықталу үстінде

kazinform.kz

Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава префектурасынд серуендеу катерінде жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Мотобу қаласындағы кемежайда орын алған. Полициядан хабарлағандай, жарылыс салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. Келеңсіз жағдайдың мән-жайы анықталу үстінде. Жарылыстың катер кемежайда арқанға байланып тұрған кезінде болғаны хабарланды.