АҚШ-та 65 жыл отасқан ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде көз жұмды

30.03.2020 14:42

Бұл туралы олардың немересі Стивен Нэш Twitter желісінде хабарлаған

mir24.tv/Мария Андросова

АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында отасқандарына 65 жыл болған ерлі-зайыптылар бір күнде коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Nur.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар бір күнде, небәрі бірнеше сағат айырмасымен көз жұмған. Бұл туралы олардың немересі Стивен Нэш Twitter желісінде хабарлаған. Нэштің сөзінше, олардың артында алты баласы мен 18 немересі қалған. Бұған дейін ауруды бақылайтын америкалық орталық мәлімдеме жасаған еді.

Мекеменің хабарлауынша, АҚШ-тағы коронавирустан қайтыс болғандардың 80 пайызы 65 жастан асқан адамдар.