Альтштейннің сөзінше, бүкіл әлемде COVID-19 жұқтыру біртіндеп төмендей бастады
COVID-19 жұқтыру маусымға дейін төмендейді, содан кейін коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Гамалея орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Альтштейн мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайты сілтеме жасап.
Альтштейннің сөзінше, бүкіл әлемде COVID-19 жұқтыру біртіндеп төмендей бастады. Ол қазір коронавирустың жағдайы екі жыл бұрынғы жағдайдан мүлдем өзгеше, сондықтан көп ұзамай індет "өз механизмдерімен" кетеді деп санайды.
"Бізде (Ресейде. - автор.) екпе алғандар көп. Адамдардың 50 пайыздан астамы вакциналанған. Ауырып шыққандар көп. Жалпы індет аяқталады. Менің ойымша, маусымға қарай көрсеткіштер өте төмен болады", - деді Анатолий Альтштейн.