30 күнге енгізуді жоспарлап отыр
Чехияда коронавирустың таралуына байланысты 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Чехияның денсаулық сақтау министрі Роман Прымула елде 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі басталатынын мәлімдеді. Билік оны 30 күнге енгізуді жоспарлап отыр.
Дүйсенбіден бастап инфекция көп таралған аймақтарда мектептер екі апта бойы жабық болады. Оның ішінде, Прага мен оған кіретін аудандарда мектептер жабылады.
Қазір Чехияда коронавирус жұқтырған 33,5 мыңға жуық адам емделіп жатыр. Оның 820-сы ауруханада. Дәрігерлер 187 науқастың жағдайы ауыр деп отыр.
Бұған дейін 1 қазаннан бастап Словакияда төтенше жағдай режимі енгізілетіні хабарланды.