Психологиялық көмек: Қазақстанда жаңа сайт іске қосылды
howlearn.spengl.ru
Психологиялық көмек көрсетуге бағытталған жаңа сайтта алдын ала өтінім қалдыру арқылы психолог пен психотерапевттен онлайн-кеңес алуға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты көптеген қалалар карантинге жабылды. Коронавирус індетіне қарсы күресте азаматтарды қолдау мақсатында психологиялық көмек көрсететін жаңа сайт іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Интернет-ресурста алдын ала өтінім беру арқылы психологтар мен психотерапевттен онлайн-кеңес алуға болады. Сонымен қатар, сайт бетінен азаматтар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап табады", – дейді Қазақстандағы коронавируспен күрес жөніндегі IT-штаб мамандары.
Өтінім беруші SMS-хабарламамен жіберілген сілтемеге өту арқылы белгіленген уақытта мамандармен байланысады.
Психологиялық көмек көрсететін сайт – covid-19.mentalcenter.kz деп аталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06