Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайына коронавирус инфекциясынан тезірек сауығып кетуін тілеп, пост жазған еді
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап ретінде Twitter-де жазба жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Құрметті Президент Тоқаев, игі ниеттеріңіз үшін өз атымнан және Емине ханым атынан рахмет айтамын. Бауырлас Қазақстан халқына сәлемім мен сүйіспеншілігімді жолдаймын», деп жазды Түркия басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайына коронавирус инфекциясынан тезірек сауығып кетуін тілеп, пост жазған еді.