Темекі COVID-19 инфекциясын асқындырып, өлімге әкелу қаупін арттырады, деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Барлығымыз темекінің зияны туралы білеміз. Жыл сайын миллиондаған адам темекіден қайтыс болып жатыр. COVID-19 - тыныс алу жолдарының ауруы, ал темекі өкпенің қызметіне зиян келтіреді. Темекінің ауруды асқындырып, қайтыс болу қаупін арттрыратыны туралы жарияланған зерттеулер бар", - дейді сарапшы.
Сондай-ақ, ДДҰ өкілі темекі шегіп жүріп, коронавирус жұқтырғандардың ауруханаға өзгелермен салыстырғанда жиі жатқызылмайды деген зерттеуге қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, бұл пікірлер дәлелденбеген және ол темекі коронавирустан қорғайды деген сөз емес.
Еске салайық, мұның алдында еуропалық ғалымдар темекі шегетіндердің өзгелермен салыстырғанда коронавирусты сирек жұқтырады деген болжам жасаған еді.