Венада 5-11 жас аралығындағы балаларды ковидқа қарсы жаппай вакциналау басталды
Венада 5-11 жас аралығындағы балаларды ковидқа қарсы жаппай вакциналау басталды. Екпеге BioNTech-Pfizer препараты қолданылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұрын бұл жас тобын вакциналауды оны жеке негізде және шектеулі көлемде ұсынған тәжірибешіл дәрігерлер ғана жасай алды. Осыған байланысты Австрияда вакциналанбаған тұрғындар күнінің локдаун режимі күшіне енді.
«Біз балалармен елде санитарлық талаптарды енгізудің себебін және вакцинацияның не үшін қажет екенін талқыладық, менің ойымша, олар вакцинацияның инфекциядан қорғайтынын түсінді және бұл ресми жоспарға сәйкес әдеттегі вакцинамен бірдей», – деді Вена тұрғыны.
Германияда короавируспен ауырып жатқан үш мыңға жуық науқас қарқынды терапия бөлімшелерінде емделуде. Аурудың өршуіне байланысты билік вакцинациядан бас тартқандар үшін шектеулер енгізді. Мұражайларға, мейрамханаларға, кинотеатрларға, бассейндерге тек вакциналанған және ауырып шыққа адамдар ғана бара алады. Дүйсенбіден бастап 40 жастан асқан Ұлыбритания тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаның үдеткіш дозасын алуға құқылы, ал 16-17 жастағы жасөспірімдер екінші екпені ала алады.
Англия бас дәрігерінің орынбасары Джонатан Ван-Там: «Егер үдеткіш вакцинация бағдарламасы сәтті болса, оған көптеген адам қатысса, онда Рождество мен қыс бойы біз миллиондаған адамның ауруханаға жатқызу және өлім қаупін айтарлықтай төмендете алатынымызға сенімдімін. Бұл өте қарапайым және аса маңызды қадам», – деді.