Бір тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен 77 адамның ауырғаны белгілі болды
2020 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша бір тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен 77 адамның ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Сондай-ақ пневмониядан 7 адам қайтыс болды, 30 адам сауығып кетті.
Елімізде 1 тамыздан бастап коронавирус белгісі бар пневмониямен ауырғандар саны 29 658 адамды құрап отыр. Аталған аурудан барлығы 328 адам қайтыс болып, 6 853 адам одан таза айығып кеткен.