Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда «стелс-омикрон» штамын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі коронавирустрың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылдың сәуір-мамыр айларында ДСМ жүргізген ПТР скринингінің нәтижесі бойынша коронавирус инфекциясының әртүрлі штамының айналымы анықталған. Барлық өңірде BA.1 «омикрон» штамының үлесі 98,6 пайызды құраған. Оның ішінде 12 өңірде BA.2 «стелс-омикрон» – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды.
ПТР скринингінің нәтижесін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілген. Нәтижесінде BA.2 «стелс-омикрон» штамының – 93,8%:
BA.1 «омикрон» штамының – 6,2%:
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді. Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі бар (Пфайзер, Синофарм және КазВак), оның ішінде екеуін ДДСҰ мақұлдаған.