Бұған дейін қала коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа көшкен болатын
Алматы қаласының "жасыл" аймаққа өтуіне орай шаһарда карантин шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгіннен бастап бүкіл тасымалдау қызметі, оның ішінде туристік бағыттар бойынша турлар қайта қызмет жасай бастайды.
Сонымен қатар вокзалдар, ХҚКО-лар, білім беру ұйымдары, асханалар, моншалар, спорттық-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондары шектеусіз жұмыс істейді. Ал мейрамханалар мен дәмханалар толымдығы 50%-дан аспайтын жағдайда жұмыс істей алады.