Коронавирус: 15 өңір "қызыл" аймақта тұр

19.01.2022 19:42

«Жасыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ

19 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

«Сары» аймақта: Түркістан облысы ғана бар.