Қазақстанда 1 мыңнан астам бала коронавирустан емделіп жатыр

14.12.2020 14:52

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 14 желтоқсанда коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 139 науқас жатыр. 21 828 адам амбулаторияда емделіп жүр. Жалпы науқастардың арасында 240 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 35 науқастың жағдайы аса ауыр. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, кеше Қазақстанда 802 адам коронавирустан жазылды. Елімізде 126 182 науқас аталмыш індеттен айықты.