COVID-19: Германияда қатаң локдаун енгізіледі

14.12.2020 15:03

Рождество мерекесінде 2 отбасыдан 5 адамнан артық емес жиналуға болмайды

gordonua.com

Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Күшіне енетін шектеу шаралары: 

- Дүкендер 10 қаңтарға дейін жабық болуы керек (бірінші кезекте қажетті тауарлар сатылытын дүкендерді қоспағанда) - Рождество мерекесінде 2 отбасыдан 5 адамнан артық емес жиналуға болмайды. 10 адамға дейін тек жақын туыстар ғана жинала алады. Жаңа жыл мерекесі күндері шектеу шаралары жеңілдетілмейді; 

- Мектептер жабық болады немесе еркін қатысу енгізіледі; 

- Шіркеу қызметтеріне тыйым салынбайды, бірақ шіркеу ішінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау керек және міндетті түрде бетперде тағу керек; 

- Шаштараздар мен сұлулық студияларының қызметіне тыйым салынады; 

- Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынады, тамақтану орындарын үшін тек өзімен алып кетуге және жеткізу қызметінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі; 

- Германияға шетелден келушілер елге коронавирусқа қарсы теріс сынамасының қорытындысымен және 5 күндік оқшауланудан кейін ғана кіруіне болады. 

Ел Үкіметі Biontech/Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат 29 желтоқсан күні берілетінін хабарлады. 

Ел басшысы Ангела Меркель Германияда КВИ-ге қарсы екпе егу аталған уақыттан кейін ғана басталатынын мәлімдеді.