Коронавирус жұқтырған 239 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік

23.09.2021 14:52

131 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

aa.com.tr

Қазақстанда 66 215 адам коронавирус инфекциясынан (–57 473 + және 8 742 КВИ-) емделуде. Бұл туралы Almaty.tv Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 962 адамның жағдайы ауыр, 

• 239 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 131 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.