Пневмониядан 4 адам көз жұмды

13.01.2021 14:52

2021 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 124 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 173 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46499, 530 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34118 жетті.