Испанияда соңғы 20 жылда болмаған қыс болып жатыр

13.01.2021 15:45

Суықтан жеті адам қайтыс болған

ҚазАқпарат

Орталық Испанияда күн бірден суытып, ауа температурасы -25°C-қа дейін төмендеді. Бұл әдетте қысы жұмсақ Иберия түбегіндегі соңғы 20 жылдағы ең суық түн болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Билік қарт адамдардың ешқайда шықпай, үйде қалуларын сұрайды. 

«Филомена» қар циклоны салдарынан қар көп жауған және тротуарлар мен жолдар мұз құрсанып, көлік пен жаяу жүргіншілерге қауіпті жағдай туғызған. 

Суықтан жеті адам қайтыс болған, олардың екеуі – Барселонада үй-күйі жоқ адамдар. 

Қар циклоны салдарынан электр қуаты үзіліп, қала маңындағы пойыздар және көптеген әуе рейстері тоқтап қалған. 

Жағдай біртіндеп қалпына келуде.