Қазақстанда бір тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды

07.07.2022 14:53

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 1 млн 308 207 тұрғын коронавируспен ауырған

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда соңғы тәулікте 330 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 1 млн 308 207 тұрғын коронавируспен ауырған.