Жалпы науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар
Коронавирус жұқтырған 2 199 науқас стационарларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомоствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 679 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 199 науқас жатыр. 480 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 8 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.