Коронавирус инфекциясының ауыр салдарының алдын алуға болады – ғалымдар

Фото: bbc.com
Фото: bbc.com
Ғалымдар адам өкпесіндегі РНҚ вирусын байланыстыратын 16 ақуызды зерттеп, MDA-5 сенсорлық қасиетке ие екенін және интерферонның белсенділігіне жауапты екенін анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Америкалық ғалымдар SARS-CoV-2 коронавирусынан иммундық жауапты анықтайтын ақуызды тапты. Зерттеу жұмыстары Cell журналында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сілтеме жасап.

Ғалымдар адам өкпесіндегі РНҚ вирусын байланыстыратын 16 ақуызды зерттеп, MDA-5 сенсорлық қасиетке ие екенін және интерферонның белсенділігіне жауапты екенін анықтады. Ақуыз екі ішекті вирустық РНҚ-ны анықтайды, оны коронавирус инфекциясының таралуы үшін көбейген кезде алады.

«Біздің зерттеу бойынша, MDA-5 - коронавирус инфекциясын бақылауда ұстап, қажет жағдайда көмек көрсететін иммундық полицей екені анықталды», – деді  зерттеу басшысы Сумит Чанда.

Оның айтуынша, зерттеудің арқасында алдағы таңда коронавирус инфекциясының ауыр салдарының алдын алуға болады, себебі интерферонның белсенділік жылдамдығы MDA-5 реакциясына тәуелді. Бұл фактор ауру салдарының ауыр болуына ықпал етеді.

Новости партнеров