Nur Otan партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді

Nur Otan партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді
Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ды, жастардың үлесі 24%-ды құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

13 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңес Бюросының шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес құрамында 29 кандидат бар тізім бекітілді және VІI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаттары ретінде тіркелу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Партияның қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, жаңа депутаттық фракцияның алдында «Алматы-2050» стратегиясы негізінде әзірленген сайлауалды бағдарламаның  орындалуын бақылау және сайлаушылардың өтініш-тілектерін орындау міндеті тұр.

Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ды, жастардың үлесі 24%-ды құрады. Орташа жасы 43 жасты құрады (бұрын VI сайланған кезде 48 жас), яғни құрамы 5 жылға жасарды.

                            Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының тізімі

1. Аканова Асия Айкановна - Алмалы ауданы «Белсенді ұзақ өмір сүру» ортылығы және «Күміс ғасыр» қоғамдық қорының директоры

2. Авершин Константин Викторович – «Я Алматинец» қоғамдық қорының директоры

3. Абдумалик Жансая Данияровна - Әйгілі шахматшы, чемпион, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер

4. Адильханов Мурат Адильханович - «Көктем групп ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы

5. Байтасов Арманжан Мерекеевич - «Tanmedia Group» Директорлар кеңесінің төрағасы

6. Бекенова Гульжан Мирзалиевна - №169 мектеп-лицей директоры

7. Билисбеков Аскар Ергалиевич - «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

8. Булекбаева Райхан Чантовна - Қонаев атындағы колледж директоры

9. Грачев Михаил Владимирович - «ДСУ-13» акционерлік қоғамының директоры

10. Есматов Серик Аманжолович - Параолимпиялық спортшы, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының экс-капитаны

11. Жудебаев Арман Адильханович - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры

12. Зулеев Мухтар Махамбетович - «Good food KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

13. Ибрагимова Ляззат Еркеновна - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы

14. Ибраимов Ермахан Сагиевич - Бокстан Олимпиада чемпионы, «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығының» директоры

15. Канкуров Станислав Владимирович - «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

16. Касымов Ербулат Булатович - «Айсұлтан» Холдингтік компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы

17. Кобеева Алтынай Орманкалиевна - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, ақпараттық-ресурстық орталық директоры

18. Кодасбаев Алмат Турысбекович - Кардиология орталығының бас дәрігері, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы

19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы - «Q3 Worldwide» инвистициялық холдингінің бас директоры

20. Курманбек Асель - «Green Works» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы

21. Набиев Амиржан Амиржанович - «Атрикс-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

22. Садыков Болат Нурмурзаевич - № 5 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігер

23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы - «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы

24. Талбидинов Есенгельди Закирханович - «Жол- Транссервис 2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры

25. Тау Нурымбек - «Daco motors KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

26. Умирбаева Зауреш Абилгожановна - «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығы» бірлестігінің төрайымы

27. Финогенов Максим Владимирович - DWS group» компаниясының директоры

28. Шардинов Шухрат Ахметжанович - «Алматы көпір құрылысы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры

29. Шимашева Рахат Сейдахметовна - Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы

Новости партнеров