Павлодар облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 1936 жылғы Палодар облысының тұрғыны 8 сәуірде ауруханаға түскен.
9 сәуірдің 22:55 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Коронавирус індетін
жұқтырған тағы 17 адам тiркелді, Алматы қаласында - 1 адам, Ақмола облысында -
4 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Нұр-Сұлтан
қаласында - 2 адам.
Осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 225 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды
облысында - 57 адам, Ақмола облысында - 60 адам, Атырау облысы - 42 адам,
Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 27 адам, Шығыс Қазақстан
облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 3 адам, Маңғыстау
облысында - 7 адам, Қызылорда облысында - 100 адам, Батыс Қазақстан облысында -
4 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 781
науқас тіркелді.