Әлемде коронавирустан көз жұмғандардың саны миллионға жуықтады

28.09.2020 в 15:00

Вирустың таралуы бойынша әлемде бірінші орында АҚШ тұр

Әлемде коронавирустан көз жұмған адамдар саны бір миллионға жуықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Джон Хопкинс университеттің мәліметінше, жалпы інденттен қайтыс болғандар саны 996 096-ға жетті. Вирустың таралуы бойынша әлемде бірінші орында АҚШ (7 110 781 адам жұқтырған), екінші орында Үндістан (5 992 532 адам жұқтырған) және үшінші орында Бразилия (4 717 991) тұр.