|
14.07.2022 | 10:01
1173

ДДСҰ әлем халқын бетперде тағу режиміне оралуға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында COVID-19 қазір еркін тарап жатқаны және бүкіл әлемде өлім-жітімнің көбейе бастағаны айтылған

ДДСҰ әлем халқын бетперде тағу режиміне оралуға шақырды rg.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлемдегі барлық елдің үкіметтерін бетперде тағу режимін қайтаруға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында COVID-19 қазір еркін тарап жатқаны және бүкіл әлемде өлім-жітімнің көбейе бастағаны айтылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем тұрғындарын анти-ковидтік шараларға оралуға шақырды.

Оның айтуынша, коронавирустың Omicron штамының түрлері бүкіл әлемдегі жағдайлардың артуына, сәйкесінше тағы бір жаңа толқынның пайда болу ықтималдылығына түрткі болуда. Мұндайда ауруханалардың науқастарға толу, өлім-жітімнің көбею ықтималдылығы өте жоғары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир