Әлемде коронавирустан 400 мыңға жуық адам көз жұмды

Фото: REUTERS
Фото: REUTERS
Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 6 698 615 адамға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 6 миллион 660 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

5 маусымдағы көрсеткіш бойынша, 3 миллион 218 мың 785 адам дерттен аман-есен жазылып шықса, 391 мыңы көз жұмған. Қауіпті індеттен қайтыс болудың әлем бойынша ең көп дерегі АҚШ-та тіркелген. Онда 110 мың науқас көз жұмды. Ал Ұлыбританияда 39 мың, Италия және Бразилияда 33 мыңнан, Францияда 29 мың адам аты жаман аурудың құрбаны болды.  Қауіпті дерттен, қуанышқа орай жазылып шыққандар да аз емес. АҚШ-та бас-аяғы 700 мың, Бразилияда 266 мыңнан аса науқас індетті жеңіп шықты. Айта кетейік, короновирусты жұқтыру бойынша топ бастаған 10 мемлекеттің қатарында АҚШ, Бразилия, Ресей, Испания, Ұлыбритания, Италия, Үндістан, Германия және Перу мен Түркия бар.



Графика


СOVID-19 вирусын көп жұқтырған 10 ел


АҚШ - 1 919 207

БРАЗИЛИЯ - 595 112

РЕСЕЙ - 441 108

ИСПАНИЯ - 287 740

ҰЛЫБРИТАНИЯ - 281 661

ИТАЛИЯ - 234 013

ҮНДІСТАН - 226 713

ГЕРМАНИЯ - 184 923

ПЕРУ - 183 198

ТҮРКИЯ - 167 410


Графика


COVID-19 бойынша әлемдегі аухал


Қайтыс болғандар:


АҚШ - 110 013

ҰЛЫБРИТАНИЯ - 39 904

ИТАЛИЯ - 33 689

БРАЗИЛИЯ - 33 038

ФРАНЦИЯ - 29 065

ИСПАНИЯ - 27 133

МЕКСИКА 11729


Жазылып шыққандар:


АҚШ - 699 255

БРАЗИЛИЯ - 266 132

РЕСЕЙ - 204 623

ГЕРМАНИЯ - 167 800

ИТАЛИЯ - 161 895

ТҮРКИЯ - 131 778

Новости партнеров