Коронавирус: Италияда комендаттық сағат енгізілді

05.11.2020 15:03

Кейінгі тәулікте Италияда 30 550 адамнан коронавирус анықталып, 352 науқас қайтыс болған

© Reuters

Италияда коронавирус өршуіне байланысты комендаттық сағат енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Италия аумағының эпидемиологиялық қауіптілік деңгейіне байланысты үш аймаққа бөлінгені, инфекция қаупі жоғары аймақтарда ішінара локдаун енгізілгені айтылады.

Осылайша, дереккөз мәліметінше, Италия билігі 6 қарашадан бастап бүкіл елде сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін коменданттық сағат енгізіп отыр. Мейрамханалар мен барлар, музейлер жабылатыны айтылады. Ал жоғары сынып оқушылары қашықтан оқуға көшеді.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Италияда 30 550 адамнан коронавирус анықталып, 352 науқас қайтыс болған. Ал пандемия басталғалы барлығы 790 377 адам коронавирус жұқтырған.