Қостанай облысы карантинге жабылады
17 сәуірден бастап Қостанай облысы карантинге жабылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысы 17 сәуірден бастап карантинге жабылады. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов тұрғындарға үндеу жасады Sputnik Қазақстан.
Үндеу мәтіні әкімдіктің ресми сайтында жарияланған. Әкім 17 сәуір 00.00-ден бастап 1 мамыр 7.00-ге дейін карантин режимі енгізілетінін айтты. Ол дәрігерлер, полицейлер мен күшейтілген режимде жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлеріне құрметпен қарауға шақырды.
"Біз талай қиындық көрдік, бірақ үнемі алға жылжыдық. Бұл жолы да қиындықты еңсереміз. Біз біргеміз!", - деді облыс басшысы.
Еске сала кетсек, 15 сәуір күні Қостанай облысында коронавирустан ер адамның қайтыс болғаны айтылды. Барлығы өңірде бес жағдай тіркелді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
16.11.2026 09:20
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46
15 қарашаға арналған валюта бағамы
15.11.2026 09:30
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
16.11.2026 11:20