Қазақстандағы коронавирус: тағы бір өңір «қызыл» аймақта кірді

31.03.2021 15:04

«Сары» аймақта Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан

Фото: kazlenta.kz

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. 

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Ал Қазақстан кеше әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.