9 маусымдағы жағдай бойынша қоғамдық орындарда жүргізілетін дезинфекция жұмыстары туралы

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жұмысқа 437 адамы бар 64 бригада тартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

9 маусымдағы жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындарда жүргізілетін дезинфекция жұмыстары туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кіреберістер мен аулалар бойынша

8 маусымға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 442 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75 470 мың литр дайын ерітінді қолданылды.

9 маусымдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула өңделді.

Жұмысқа 437 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша

8 маусым күні 5 123 мың шаршы метр көше, оның ішінде 658 сауда нысандарының, 43 медицина мекемелерінің, 6 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 59, Алмалы ауданы – 87, Әуезов ауданы – 55, Бостандық ауданы – 22, Жетісу ауданы – 85, Медеу ауданы – 94, Наурызбай ауданы – 68, Турксіб ауданы – 237) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 744 мың шаршы метр тротуарлар және 1164 басқа да нысандар, 208 контейнерлік алаң мен 1042 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлардың, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:

– 144 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 78 бірлік);

– 1187 жол жұмысшысы (оның ішінде 133 дезинфектор).

575 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 28 748 мың литр ерітінді қолданылды).

Сонымен қатар, 698 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1150 тоннаны құрады.

9 маусымда атқарылатын жоспарлы жұмыстар:

– 142 бірлік арнайы техника (оның ішінде 72 бірлік дезинфекцияға);

– 1189 жол жұмысшысы (оның ішінде 133 дезинфектор).

Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Новости партнеров