Қостанай облысы «сары аймаққа» өтті

22.04.2021 15:06

Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан

Фото: ustinka.kz

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 22 сәуіріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр. 

«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары тұр. 

«Жасыл аймақта» Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы ғана. 

Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан.