Қоғам өкілдері Алматыдағы ковидке қарсы жаңа шараларды қолдайды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2021 жылдың 21 наурызынан бастап Алматыда карантиндік шектеу шаралары күшіне енеді. Бұл бізге ешқандай да ауыртпалық алып келмейтін, бәріміздің қолымыздан келетін шаралар. Вирустық инфекцияның өте жылдам таралуына байланысты, біз бұл тізбекті тоқтатуымыз қажет», – деп жазған Р. Гасанов.
Сонымен бірге, қоғам өкілі басқа қала тұрғындары сияқты оған да мерекелік шаралардан бас тартуға тура келетінін атап өтті.
«Өзімнің, достарымның және олардың жақындарының денсаулығына қауіп төндіруге құқым жоқ екенін түсінемін. Менің жақындарым, әріптестерім және басқалары мемлекетімізге пандемияны ең болмағанда, осы деңгейде ұстап тұруға көмектесіп, заң бойынша өмір сүрген дұрыс екенін түсінеді», – деп атап өтті Р. Гасанов.
Р. Гасанов пандемия басталғалы бір жыл өткенін еске салды. Осы кезеңде коронавирус инфекциясынан адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдайлар да бар, олардың арасында Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахымбекова және Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков те бар.
«Жақында біз бәріміз бірге осы жұқпалы инфекцияны жеңеміз деп үміттенемін. Ол үшін сәл шыдап, бәріміз барлық жиыннан бас тарта білуіміз керек»,– деді ол.
Сонымен қатар, пост авторы ауырып жатқандардың бәрінің тезірек сауығуын және қазақстандықтардың қалыпты өмірге қайта оралуын тіледі.
Алматы қаласның Бас санитар дәрігері қалада 21-28 наурыз аралығында қалада қатаң шектеу шараларын енгізгенін естеріңізге саламыз. Бұл шектеу шаралары жұқтыру тізбегін ажыратуға мүмкіндік береді.