Қазақстандағы коронавирус: Батыс Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді
nur.kz
Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймаққа енгізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Денсаулық сақтау министрлігі 20 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Еске сала кетсек кеше, яғни 19 қаңтарда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сол күнгі жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір (Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы), ал «сары» аймақта үш өңір (БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары) тұрғанын мәлім еткен еді .
Бүгінгі матрица «қызыл» аймаққа Батыс Қазақстанның кіргенін көрсетіп тұр. Ал «сары» аймақта Алматы мен Қарағанды облысы бар. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан. Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймаққа енгізілген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52