Алматы мен Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа оралды

10.03.2021 15:08

Бұған дейін Алматы әкімдігі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын мәлімдеген болатын

news.myseldon.com

Алматы мен Нұр-сұлтан «қызыл» аймаққа ауысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.⠀

Ақпарат бойынша, «қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан мен Алматы бар.

«Сары» аймақта - Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары

«Жасыл» аймақта - қалған барлық өңір.

Бұған дейін Алматы әкімдігі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын мәлімдеген болатын. Аудан әкімдіктеріне карантин сақталуын бақылауды күшейту тапсырылды.

Ал Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды.