Қазақстанда төрт өңір «қызыл» аймақта тұр

29.03.2021 15:08

Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта.