Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанда 11 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта - Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары орналасқан.
Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.