Коронавирус жұқтырған 763 адамның жағдайы ауыр

30.04.2021 15:09

196 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

30 сәуірдегі ақпарат бойынша, коронавирус инфекциясынан 42 730 адам (42 235 КВИ+ және 495 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 207 пациент стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

- 763 адамның жағдайы ауыр; 

- 196 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

- 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.