Алматыда тағы да екі көпқабатты тұрғын үй қоршауға алынды

20.03.2020 15:12

Гоголь 75 және Қонаев 51 мекенжайларында орналасқан үйлерді әскерилер мен полицейлер қоршап тұр

tengrinews.kz

Алматыда тағы да екі көпқабатты тұрғын үй қоршауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Гоголь 75 және Қонаев 51 мекенжайларында орналасқан үйлерді әскерилер мен полицейлер қоршап тұр. Айналаға темір шарбақтар қойылған. Еске сала кетейік, Алматыда "Сұңкар" тұрғын үй кешенінде инфекция жұқтырған науқас анықталған еді. Онда 4 тексеру пункті қойылды. Тұрғындарға үйден шығып, тіпті көлік тұрағына баруға тыйым салынған. Тұрғын үй кешенінде карантин 15 күнге жалғасады. Сондай-ақ, Достық 42, Достық 42 а, Қабанбай батыр 68-де орналасқан үйлерде оқшауға алынды. Тіпті жақын маңдағы азық түлік дүкені де уақытша жабылды.