Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 14 жағдай тіркелді. Оның ішінде, Атырау облысы - 1, Жамбыл облысы - 1, Батыс Қазақстан облысы - 5, Түркістан облысы - 5, Алматы қаласы - 2. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5090 адам анықталды. Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы – 1066
Алматы қаласы – 1580
Шымкент қаласы – 233
Ақмола облысы – 109
Ақтөбе облысы – 172
Алматы облысы – 183
Атырау облысы – 299
Шығыс Қазақстан облысы – 51
Жамбыл облысы – 179
Батыс Қазақстан облысы – 249
Қарағанды облысы – 191
Қостанай облысы – 61
Қызылорда облысы – 229
Маңғыстау облысы – 120
Павлодар облысы – 154
Солтүстік Қазақстан облысы – 34
Түркістан облысы – 180
Айта кетсек, қазіргі уақытта республика бойынша барлығы 1941 адам COVID-19 вирусынан жазылып шықты. Өкінішке қарай, 31 адам көз жұмды.