Маңғыстау облысында тағы 7 адамнан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 120 адамға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вирус жұқтырғандар Жаңаөзен қаласының 1967, 1992 жылғы ер азаматтары және 1968 жылғы әйел. Барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Сонымен қатар Бейнеу ауданында 1987, 1999, 1967, 1959 жылғы азаматшалардан скрининг аясында коронавирус індеті анықталды.

«7 науқастың 2-і бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, 5-і скрининг шеңберінде анықталды.ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 120 адам анықталған.
Новости партнеров